Daily Mail Усама бен Ладен жанұясының мүшелері әуе апатынан мерт болғанын хабарлады

Фотография - Daily Mail Усама бен Ладен жанұясының мүшелері әуе апатынан мерт болғанын хабарлады

Ағылшындық Гемпшир мен Суррей графтықтарының шекарасындағы Блэкбуш әуежайында жекеменшік ұшақ жарылып, болжам бойынша Усама бен Ладеннің отбасысының мүшелері қаза тапқан.

296 0

Ағылшындық Гемпшир мен Суррей графтықтарының шекарасындағы Блэкбуш әуежайында жекеменшік ұшақ жарылып, болжам бойынша Усама бен Ладеннің отбасысының мүшелері қаза тапқан. Әуе апаты жұма күні кешке орын алды, деп жазады lenta.ru британдық Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Ұшақ бортында төрт адам болған, олардың бірі – ұшқыш. Қону кезінде әуе кемесі ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, жанар-жағармай стансасына соғылған. Соқтығыс салдарынан жарылыс болып, фюзеляж бен салон өртке оранды. 

Жердегі адамдар дін аман, құқық қорғау органдары оқыс оқиғаның лаңкестікке еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. 

Жарылған ұшақ бен Ладендер отбасына тиесілі Salem Aviation компаниясында тіркелген және лаңкестің інісі Салемнің құрметіне аталған. Ұшқыш болған ол лайнерді басқару кезінде мерт болды. 

Барлық жиналған деректің негізінде басылым апатқа ұшыраған ұшақ бортында бен Ладен жанұясының үш мүшесі болған деген пайымға келіп отыр. Олардың барлығы ажал құшқан. 

Әзірге Daily Mail басылымының бұл болжамын ешкім ресми түрде растаған жоқ. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!