Рио-де-Жанейродағы Олимпиада алауы 2016 жылдың 21 сәуірінде жағылады

Фотография - Рио-де-Жанейродағы Олимпиада алауы 2016 жылдың 21 сәуірінде жағылады

Рио-де-Жанейрода өтетін 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының алауы 2016 жылдың 21 сәуірінде Грекияда жағылады.

485 0

Рио-де-Жанейрода өтетін 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының алауы 2016 жылдың 21 сәуірінде Грекияда жағылады. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің Куала-Лумпур қаласында өткен 128-ші сессиясының барысында "Рио-2016" коммуникациялар директоры Марио Андрада айтып берді.
Олимпиада алауы Бразилияға 3 мамырда келіп жетеді. Келесі жүз күн бойы алау 83 қалаға сапар жасайды. Алау эстафетасына 12 мың шырақ ұстаушы (факел ұстаушы) қатысады.

Эстафетаның аясында елдің 500 елді мекенін қамтитын көлік шеруі болып өтеді. Жалпы алғанда Ойындар символы жер бойынша 20 мың шақырым және әуе бойынша 16 мыңға жуық шақырым жерді өткереді.

Рио-де-Жанейродағы олимпиада 2016 жылғы 5-21 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды ТАСС. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!