Жапондар роботтарды түрлі қызмет саласына бейімдеуде (ВИДЕО)

Фотография - Жапондар роботтарды түрлі қызмет саласына бейімдеуде (ВИДЕО)

Олар жасаған құлтемірлер қазір өндіріс саласы ғана емес, су астында да тындырымды іс атқарады.

775 0

Жапондық ғалымдар адам баласына жұмыс қалдырмайтын түрі бар. Олар жасаған құлтемірлер қазір өндіріс саласы ғана емес, су астында да тындырымды іс атқарады. Ғарышты шарлап жүргендері де аз емес. Енді қонақ күтіп, қалағаныңызды әкеліп беруге де жарап тұр, деп хабарлайды 24 kz.
Жапондықтар робот жасауда алдына жан салар емес. Осы аптада екі атақты бренд өз туындыларын паш етті. Мәселен бір аппарат адамның жүруін жеңілдетеді әрі иесінің физикалық ерекшеліктеріне де мән береді. Ал тағы біреуі құлтемір ауру және егде жастағы адамдарға көмек көрсетуге арналған. Оның басты міндеті – қол жетпейтін заттарды алып беріп, қолғабыс жасайды.

"Әдетте адамдар біреуден көмек сұрауға ұялады. Ал роботтарда мұндай сезім жоқ. Оның үстіне шапшаң әрекет етеді. Ең басты артықшылықтары да осы", - дейді Оңалту орталығының инженері Тадаши Хатакенака. 

Күншығыс елінде қариялар мен науқастарға күтім жасайтын мамандар тапшы. Ал егде жастағы адамдар үшін көмекші қашанда қажет. Сол себепті жетекші компаниялар мен жергілікті билік бірлесіп, роботты техниканы дамытуға кіріскен. Үкімет ол үшін алдағы 5 жылға 20 миллард АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлген.

"Роботтардың дамуы мен мамандар жетіспеушілігінің орнын толтыруға болады. Бүгінде біздің зертханада білім алып жатқан жас мамандар өте көп. Сондай-ақ өзге елдерден студенттер келіп жатса, оған тек қуанамыз. Олардың қатысуымен зерттеулер сапасын жақсартуға болады",- дейді Нагасаки Университеті жоғарғы инженерлік мектебінің профессоры Имуо Ямамото. 

Профессор Ямамотоның адамға көмекші құлтемірлерді құрастырумен айналысқанына 10 жылдың жүзі болды. 2009 жылы оның туындысы Халықаралық ғарыш стансасында пайдаланылған. Ал аса танымал жобаларының бірі – су астындағы зерттеу жұмыстарын атқаратын робот. Жапондық өнертапқыш бүгінде кеме жасау саласында таптырмас құралға айналатын құлтермірді жасаумен айналысып жүр. 

Айта кету керек, бұл қалада құлтемірлер тек өндіріс саласында ғана жүрген жоқ. Хенна қонақ үйінің ашылғанына небәрі екі апта ғана уақыт өтті. Сөйте тұра туристер ағылып келіп жатыр. Өйткені мұнда келушілерге тек роботтар ғана қызмет көрсетеді. 

"Екі не үш жұлдызды қонақ үйлердің қызмет көрсету сапасы төмен. Сол себепті алдағы уақытта біздің қонақ үйлерімізге деген сұраныс тек арта түседі деген үміттеміз", - деді Huis Ten Bosch президенті Хидео Савада. 

Нагасаки – атомдық бомбылаудан зардап шеккен Жапонияның екінші қаласы. 1945 жылдың 9 тамызында болған қайғылы оқиға 74 мың адамның өмірін қиды. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 70 жыл өткеннен кейін Нагасаки роботты техниканы дамыту орталығына айналды. Соның арқасында тұрғындар туған қаласының болашағына сеніммен қарайды.


Тегтер:

робот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!