Қытайда жауған бұршақтан 6 адам ажал құшып, 43 мыңнан астамы зардап шекті

Фотография - Қытайда жауған бұршақтан 6 адам ажал құшып, 43 мыңнан астамы зардап шекті

ҚХР солтүстігінде Ішкі Моңғолия автономды өлкесінде соңғы бірнеше күннің ішінде жауған бұршақтан алты адам қаза тауып, тағы 43 мыңы зардап шекті.

158 0

 ҚХР солтүстігінде Ішкі Моңғолия автономды өлкесінде соңғы бірнеше күннің ішінде  жауған бұршақтан  алты адам қаза тауып, тағы 43 мыңы зардап шекті.
Бұл туралы  Қытайдың орталық телеарнасы хабарлады. Деректерге қарағанда , 8,8 мың гектар егіс танабы бүлінген. Жергілікті билік орындары  200 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Табиғаттың тосын жағдайынан болған экономикалық шығын 62 млн юаньды ($9,98 млн) құрап отыр. Құтқарушылар апат болған аймаққа шұғыл аттанып кетті.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!