Жириновский Ресейдің атын өзгертіп, "жарты әлемді тізерлетуді" ұсынды

Фотография - Жириновский Ресейдің атын өзгертіп, "жарты әлемді тізерлетуді" ұсынды

Ресей ЛДПР-сының лидері, мемлекеттік думаның вице-спикері Владимир Жириновский "жарты әлемді тізерлетіп", елдің атын "Ресей империясы" деп атауды ұсынды.

232 0

Ресей ЛДПР-сының лидері, мемлекеттік думаның вице-спикері Владимир Жириновский" жарты әлемді тізерлетіп", елдің атын "Ресей империясы" деп атауды ұсынды. Бұл туралы Lenta.Ru хабарлады.

Депутат мұны "Русская служба новостей" радиостансасының эфирінен Ресейге қарсы санкциялардың күшейтіліп жатқанына байланысы әңгіме қозғалғанда айтты.

"Барлық экономикалық қарым-қатынасты тоқтату керек. Санкция шеңберіне кірген барлық елдермен барлық экономикалық, сауда, туристік қарым-қатынастарды тоқтатып, солардың бәрін – жарты әлемді тізерлетіп қою керек, біз соғыс жағынан бәрінен күшті елміз, бізден бәрі қорқады. Тек қана Америка, қалғандары соғысуды білмейді. Немістер мен француздарды біз қатты басып тастағанбыз, олар мүлдем ешқашан соғыспайтын болады", – деді Жириновский.

Эпитажды саясаткердің айтуынша, Батыспен қарым-қатынастың шегіне жетіп тұрған қазіргі жағдайында аса қуатты репрессиялы аппарат, ұлттық қауіпсіздік комитетін жасап алып, қатаң шаралар қолдану қажет, ақыр соңында Ресейдің атын өзгерту керек.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!