Сицилияда мафияның 11 боссы ұсталды

Фотография - Сицилияда мафияның 11 боссы ұсталды

Олар әйгілі Коза Ностра мафиясының жетекшісі, 1993 жылдан бері іздеуде жүрген Маттео Мессина Денаромен байланысқан деп хабарлайды Reuters.

287 0

Сицилия полициясы мафияның 11 ірі өкілін қолға түсірді. Олар әйгілі Коза Ностра мафиясының жетекшісі, 1993 жылдан бері іздеуде жүрген Маттео Мессина Денаромен байланысқан деп хабарлайды Reuters.

Италия полициясы 2012 жылы Сицилияның оңтүстік-батысындағы ұсақ мал фермасының бірігуіне күдікпен қарап, иелерін бақылауға алған. Аталған фермаға мафия серкелері жиналып, Денародан келген хатты оқып, әрқайсысы өздеріне тиесілі тапсырмалар алып отырған. Қылмыстық топ өкілдері өз "қожайындарының" жасырынуына да көмектескен.

Денароның хаты ақ қағазға қаламмен жазылып, әбден бүктеліп, жіппен байланған. Оны өздері "пиццини" деп атайды. Хатты курьер алдын ала келісілген жерге тастап кетіп отырған, ал, оқып болғаннан кейін мафия өкілдері қағазды түгін қалдырмай өртейді екен. Хат жазу кезінде "қойларды қысқарту керек", "жем-шөп дайын" деген сынды құпия сөздер пайдаланылыпты.

Мафия өкілдерінің қолға түскеніне ел премьері Маттео Рензи де қуанышты екенін айтты. Ол аталған жағдай елдегі қылмыстық топтарға ауыр соққы болатынын да атап өтті.

Айта кетейік, 53 жастағы Денаро 50-ден астам адамды өз қолымен өлтірген. Оның "Мен жалғыз өзім бір моланы толтырдым" деген сөзі жақтастары арасында жиі айтылады. Денаро 1993 жылдан бері іздеуде және әлемдегі ең қауіпті 10 қылмыскердің бірі болып есептеледі. 

 

 

baq.kz


Тегтер:

мафия Сицилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!