Нидерландыда екі құрылыс краны үйлердің үстіне құлады

Фотография - Нидерландыда екі құрылыс краны үйлердің үстіне құлады

Нидерландының шығысындағы Алфен ан-ден-Рейн қаласында көпірді қалпына келтіруге тартылған екі кран жақын жердегі үйлерге құлаған.

170 0

Нидерландының шығысындағы Алфен ан-ден-Рейн қаласында көпірді қалпына келтіруге тартылған екі кран жақын жердегі үйлерге құлаған.

Салдарынан 20-ға жуық адам зардап шекті, деп хабарлады Франс пресс.

"Екі кран мен олар көтерген жүк жақын жердегі бес үйдің үстіне құлаған", - деді агенттікке өрт сөндіру қызметінің өкілі Тон Кут.

Үйіндінің астынан бір адам шығарылғаны, оның ауруханаға жеткізілгені жайлы хабарланды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Крандар Джулиана ханшайым көпірін қалыпқа келтіру жұмыстарына пайдаланылған.  Қосымша жүк түсірген соң машиналардың бірі құлап, оның салдарынан тепе-теңдігін жоғалтқан  екіншісі де құлады.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!