1947

Қырғызстанда төрт мың метр биіктіктегі жайлауда киіз үйдегі балабақша ашылды

Ош облысы Чон-Алай ауданындағы таулы Бугу-Баш жайлауында шопан Чолпонбай Назараалы ұлы әкесінің киіз үйін балабақша етуге берген.
Фотография - Қырғызстанда төрт мың метр биіктіктегі жайлауда киіз үйдегі балабақша ашылды

Ош облысы Чон-Алай ауданындағы таулы Бугу-Баш жайлауында шопан Чолпонбай Назараалы ұлы әкесінің киіз үйін балабақша етуге берген.

 Бұл туралы КирТАГ «Роза Отынбаева бастамасы» халықаралық қорының қызметкерлеріне сілтеме жасап хабарлады.  

Бугу-Баш жайлауындағы балабақша қордың тау беткейіндегі ең жоғары жобасы болды. Тау шыңының биіктігі 4 мың метр.

Қырғызстанда барлығы 100-ге жуық жайлаудағы жазғы балабақша ашылған. Олардың 40-қа жуығы оңтүстікте. Балалар мұнда тегін демалады. 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...