Шекарадан шабаданға жасырынып өтпек болған адам тұншығып көз жұмды

Фотография - Шекарадан шабаданға жасырынып өтпек болған адам тұншығып көз жұмды

Шабаданға жасырынып, Испания еліне заңсыз өту әрекетін жасамақ болған Марокко азаматы тұншығып көз жұмды.

257 0

Шабаданға жасырынып, Испания еліне заңсыз өту әрекетін жасамақ болған Марокко азаматы тұншығып көз жұмды. Бұл туралы bbc.com хабарлады. Белгілі болғандай, 27 жастағы марокколықты шекара арқылы оның ағасы өткізбек болған. Ол оны көлігінің жүк салғыш бөлігіне салып алып, паромға мінген. Кеме Мелильядан (Африканың солтүстік-батысындағы испан бөлігі) Испанияның оңтүстігіндегі Альмерия қаласына бағыт алған. Сапар кезінде ер адам інісінің тыныс алмай қалғанын байқаған. Шабаданды ашқан уақытта жас жігіттің ес-түссіз жатқаны анықталды. Енді қайтыс болған азаматтың ағасы байқаусызда адам өлтіргені үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!