Үндістанда екі пойыздың апатқа ұшырауынан 24 адам қаза тапты

Фотография - Үндістанда екі пойыздың апатқа ұшырауынан 24 адам қаза тапты

Үндістанның орталық бөлігінде екі пойыздың вагондары өзенге құлап, кем дегенде 24 адам қаза тапты.

139 0

Үндістанның орталық бөлігінде екі пойыздың вагондары өзенге құлап, кем дегенде 24 адам қаза тапты, деп хабарлады  NDTV.
Оқиға сейсенбі күні 4 тамызда кешке Мадхья-Прадеш штатындағы Харда елді мекенінің маңында болған.

Көпірден өту кезінде Мумбаи - Варанаси бағытында жүрген пойыздың 6 вагоны рельстен шығып кетті. Бірнеше минуттан кейін сол жерде  Джабалпер - Мумбаи пойызының 3 вагоны мен локомотив рельстен тайды.

Теміржол компаниясы өкілдерінің айтуынша, апат қатты нөсер салдарынан орын алуы мүмкін.

Құтқарушылар 300-ден астам адамды қауіпсіз жерге шығарды. Шамамен 40 адам түрлі жарақат алды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!