National Geographic Instagram парақшасына Астананың суретін ілді

Фотография - National Geographic Instagram парақшасына Астананың суретін ілді

Әлемге әйгілі National Geographic телеарнасының Instagram желісіндегі парақшасында Астананың түнгі суреті пайда болды.

232 0

Әлемге әйгілі National Geographic телеарнасының Instagram желісіндегі парақшасында Астананың түнгі суреті пайда болды. Фото авторы Герд Людвиг.

Аталған сурет астына авторлар "Астана бірнеше күн бұрын 2022 жылы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу мүмкіндігінен айрылып, Пекинге жол берді" деп жазған. Дегенмен, айта кету керек, Олимпиаданы өткізу мәртебесіне Астана емес, Алматы қаласы таласқан болатын.

Сондай-ақ, фото астына елорданың Алматыдан Ақмолаға көшірілгендігі және атауының Астана болып өзгергендігі де жазылған. Суретте Есілдің сол жағалауындағы әкімшілік ғимараттар мен "Бәйтерек" бейнеленген.

Бүгін таңертең жарияланған суретті ұнатып, талқылап жатқан интернет пайдаланушыларының саны өте көп.