Ядролық қарудың бейбіт тұрғындарға қарсы жұмсалғанына 70 жыл

Фотография - Ядролық қарудың бейбіт тұрғындарға қарсы жұмсалғанына 70 жыл

Бұдан 70 жыл бұрын – 1945 жылы 6 тамыз күні Америка Құрама Штаттары тұңғыш рет ядролық қару қолданып, Хиросима (Жапония) қаласына атом бомбасын тастады.

756 0

Бұдан 70 жыл бұрын – 1945 жылы 6 тамыз күні Америка Құрама Штаттары тұңғыш рет ядролық қару қолданып, Хиросима (Жапония) қаласына атом бомбасын тастады. Ал 9 тамыз күні екінші бомба Нагасаки қаласына түсті. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Жергілікті уақыт бойынша 01:45-те бортына "Бөбек" ("Little Boy") деп аталатын атом бомбасын тиеген полковник Пол Тиббетс мінген В-29 әскери ұшағы 6 сағаттан соң Хиросиманың үстіне ұшып келді. Жапон әуе күштері дабыл қаққан, алайда, ұшақтың жалғыз екенін байқаған соң, дабыл қағуды тоқтатқан. Атом бомбасы 9 шақырым биіктіктен тасталды, жерге 600 метр қалғанда жарылды. Арада 20 минут өткенде қаланың Токиомен арадағы барлық байланысы толықтай үзілді. Жапон әскері бас штабының барлаушы ұшқышы Хиросима үстіндегі жалынды 160 шақырым жерден байқаған. Кодтық атауы "Семіз" ("Fat Man") деп аталатын екінші бомба Нагасаки қаласына 9 тамыз күні тасталды. Атом бомбасы түскен нүктеден радиусы 1 шақырым жердегі барлық тірі жан бір мезетте өмірмен қоштасқан. Мәйіттер күлге айналған. Екі шақырымдағы аумақ түгелдей отқа оранған, ал, 20 шақырым жердегі үйлердің терезесі шашылып түскен. Бұл тұста Хиросимада 245 мың, Нагасакиде 200 мың тұрғын бар болатын.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!