Францияда мигранттарға арналғанмектеп ашылды

Фотография - Францияда мигранттарға арналғанмектеп ашылды

Еуропаға табан тіреген заңсыз мигранттардың саны күн санап артып келеді. Францияның Кале қаласында қайырымдылық шараларынан түскен қаражатқа әр елден жиналған келімсек үшін арнайы мектеп ашылды. Онда олар француз тілін үйрене бастады.

301 0

Еуропаға табан тіреген заңсыз мигранттардың саны күн санап артып келеді. Францияның Кале қаласында қайырымдылық шараларынан түскен қаражатқа әр елден жиналған келімсек үшін арнайы мектеп ашылды. Онда олар француз тілін үйрене бастады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, нәтижесі жаман емес. Францияның Кале қаласында мигранттарға арнайы мектеп ашылды. Онда ерікті мүғалімдер француз тілін оқытады. Оқу орынның жұмыс істей бастағанына бір ай болды. Бастапқыда оқуға ниет білдірген 150 адамды қазір бірнеше сыныптарға бөліп қойған. Ұстаздардың айтуынша, келімсектердің арасында кейбір жастар аз уақыт ішінде тілді тез меңгеріп, өте жақсы нәтиже көрсетіп жатыр.

Крис, ерікті мұғалім:

 - Ең біріншіден, мигранттарға француз тілін үйретпекпіз. Өйткені олардың көбі Еуропаның өзге еліне кеткілері келмей, Францияда қалғылары келеді.

Виржини, ерікті мұғалім:

- Эритрея, Эфиопия, Пәкістан, Судан, Сирия мен Ауған жерінен келгендер өте көп. Лагерьде әр ұлт бөлек-бөлек тұрады. Ал оқытқан кезде бәріне бірдей сабақ береміз.

 Ағаш пен пластик қабықшасынан жасалған мектепте 20 ерікті ұстаз босқындарға білім беріп келеді. Оқуға қажет құралдарды жергілікті билік жеткізіп беріп отыр. Мигранттар мектебінің негізін қалаған Зимако Джонс әуелде лагерьге көмек көрсету үшін ерікті ретінде барыпты. Кейін мектеп ашу жоспарын іс жүзіне асыра бастаған.

Зимако Джонс, "Мигранттар мектебінің" негізін қалаушы: - Француз тілін оқыту сабақтары басталғалы көп өзгерістер байқалады. Қазір келімсектер арабша емес, француз тілінде сөйлеуге барынша тырысады. Өйткені бұл білімдері олардың алдағы өмірлеріне көп пайда әкеледі. Мүмкін кейбірінің оқуға түсіп, білімін жалғастыратын ойлары бар шығар. Енді біз тегін Wi-fi желісін қосуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда мигранттардың уақытша мекенінде 2 мың 500-ге жуық келімсек тұрады. Билік өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта оларды Еуропаның өзге елдері бөліп алуы керек. Алайда басым бөлігі Францияда қалуды көздеп отыр.

 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!