АҚШ-та ұлттық саябақ аумағында аю адамды талап өлтірді

Фотография - АҚШ-та ұлттық саябақ аумағында аю адамды талап өлтірді

Америкалық Йеллоустон ұлттық саябағының аумағынан зорлықпен өлтірілген белгілері бар адамның мүрдесі табылды

206 0

Америкалық Йеллоустон ұлттық саябағының аумағынан зорлықпен өлтірілген белгілері бар адамның мүрдесі табылды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Қаза тапқан адам қорықтың медициналық қызметінің маманы болып шықты. Ол жұмада жоғалып кеткен. Мәйіт сенбі күні түнде ұлттық саябақ аумағында демалыс орындарының бірінен табылған. Билік мүрдені ашқаннан кейін оның өлімінің себептерін айтуға уәде берді. Жарақат сипаты мен оның жатқан жеріндегі іздерге қарағанда  жыртқыш аю талағанға ұқсайды.

Йеллоустон бағы Айдахо, Монтана және Вайоминг штаттарының аумағында орналасқан. Өткен жылы ол жерді 800-ге дейін аю мекен еткен.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!