784

Пәкістанда жеті педофил ұсталды

Пәкістан полициясы кәмелет жасқа толмаған балаларды зорлаған деген күдікпен 7 адамды қамауға алды.
Фотография - Пәкістанда жеті педофил ұсталды

Пәкістан полициясы кәмелет жасқа толмаған балаларды зорлаған деген күдікпен 7 адамды қамауға алды.

Елдің шығыс өңіріндегі елді мекенде әрбір екінші бүлдіршіннің педофилдердің құрбанына айналғаны анықталды. Тергеу амалдары барысында олардың шамамен 300-ге жуық балаға зорлық-зомбылық жасағаны мәлім болды. Қаскүнемдер ұл балаларға қалай қорлық көрсеткенін бейнекамераға түсіріп алып, кейін ата-аналарын бопсалап, ақша талап еткен көрінеді. Пенджаб провинциясының бас министрі осы іске қатысты тәуелсіз сот тергеуін жүргізуді бұйырды. Бірақ жергілікті халық жаппай ереуілге шықты. Олар құқық қорғау қызметкерлерінің өзіне сенімсіздік танытуда.

24.kz

Загрузка...