2051

Испаниядағы мейрам кезінде бұқа ер адамды сүзіп өлтірді

Испанияда Вильясека-да-ла-Сагра жеріндегі мереке кезінде бұқа сүзген ер адам қаза тапты.
Фотография - Испаниядағы мейрам кезінде бұқа ер адамды сүзіп өлтірді

Испанияда  Вильясека-да-ла-Сагра жеріндегі мереке кезінде бұқа сүзген ер адам қаза тапты.
Оқиға салдарынан бір аптаға созылуы тиіс мерекелік шаралар тоқтатылды, деп хабарлады испаниялық Cadena SER радиостансасы.

Келеңсіз жайт жігіт бұқалар жарысын ұялы телефонының видеосына түсіріп жатқанда болған. Ол жақындап қалған жануарға назар аудармаған болса керек, деп мәлімдеді қала мэрі Хесус Ихоса.

Бұқа мүйізімен ер адамның мойны мен жамбасынан сүзген. Жапа шегуші шұғыл Толедо ауруханасына жеткізілді, алайда дәрігерлер оны құтқара алмады.

Загрузка...