Ирактың шығысында жарылыс салдарынан 42 адам қаза тапты

Фотография - Ирактың шығысында жарылыс салдарынан 42 адам қаза тапты

Ирактың шығысындағы Бакуба қаласында екі жарылыс орын алып, 42 адам қаза тапты. 70-ке жуық адам жарақаттанды.

336 0

 Ирактың шығысындағы Бакуба қаласында екі жарылыс орын алып, 42 адам қаза тапты. 70-ке жуық адам жарақаттанды.
Бомбалардың бірі қалаға жақын жердегі базарда жарылды, онда 35 адам көз жұмды.

Екінші жарылыс Бакубаға жақын жерде болды. Одан жергілікті жеті адам ажал құшты.

Қала үкіметтік әскер бақылауында. Алайда Дияла провинциясында әскердің «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының көтерілісшілерімен қақтығысы жалғасуда.

Шілдеде Диялада қасиетті Рамазан айында базардағы жарылыс кезінде 115 адам қаза тапқан.

Бакуба Бағдадтың солтүстік-батысына қарай 60 шақырымда орналасқан.


Тегтер:

Ирак жарылыс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!