БҰҰ:100 жылдан соң планетадағы тұрғындар саны 11 миллиардтан асады

Фотография - БҰҰ:100 жылдан соң планетадағы тұрғындар саны 11 миллиардтан асады

100 жылдан соң жер бетін мекен етуші тұрғындардың саны 11 миллиардтан асады. БҰҰ-ның мәлімдеуінше, XXI ғасыр соңында тұрғындар саны 11,2 миллиард адамға жетпек. Оның 94 пайызы Африка мен Азияда орналаспақ.

225 0

100 жылдан соң жер бетін мекен етуші тұрғындардың саны 11 миллиардтан асады. БҰҰ-ның мәлімдеуінше, XXI ғасыр соңында тұрғындар саны 11,2 миллиард адамға жетпек. Оның 94 пайызы Африка мен Азияда орналаспақ.

Сиэтлде өтіп жатқан санақшылардың конференциясында БҰҰ адамзаттың болашағы туралы болжамдарын жария етті. Олардың мәлімдеуінше, қазіргі күні планетада 7,3 миллиард тұрғын өмір сүріп жатыр. Алдағы жүз жылдықтың соңында тұрғындар саны 9,5 миллиардтан 13,3 миллиардқа дейін жетпек. Бұл туралыБҰҰ-ның демография бөлімінің жетекшісі Джон Уилмот (John R. Wilmoth) өз баяндамасында хабарлады. Оның айтуынша, жер бетіндегі тұрғындар 2050 жылы 9,7 миллиард болса, тағы елу жылдан соң 11,2 миллиардқа көбеймек. Алайда БҰҰ бұл ақпараттың растығына 23 пайыз дәлдік беріп отыр.


Сонымен бірге БҰҰ сарапшылары мұндай қарқынмен жер беті тұрғындарының арасында саяси толқулар көбейіп, жұмыссыздар мен кедейшілік күрт артады деп ескертеді. Әрі экологиялық мәселелердің де ушыға түсетіндігін ескертеді.

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!