Пермь зейнеткері мұрасын мысықтар баспанасына қалдырды

Фотография - Пермь зейнеткері мұрасын мысықтар баспанасына қалдырды

Пермьдегі жалғызбасты зейнеткер 10 мың рубль көлеміндегі мұраны "Кошкин дом" баспанасына қалдырды.

641 0

Пермьдегі жалғызбасты зейнеткер 10 мың рубль көлеміндегі мұраны  "Кошкин дом" баспанасына қалдырды. 

Бұл туралы ТАСС баспана жетекшісі Анна Николаеваға сілтеме жасап хабарлады.

"Бізге алғаш рет мұра қалдырып отыр. Әдетте адамдар мысықтарды күтуге 100-200 рубль шамасында ған ақша береді.  6 жыл ішінде мемлекет қолдауына ие болмаған біздің баспана үшін 10 мың рубль қомақты қаржы", - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, ақшаны баспанаға қайтыс болған қарт әйелдің құрбысы берген. Ақша сүттің полиэтилен қапшығында сақталған. Николаева баспана қызметкерлері бұл ақшаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге бел буғанын айтты.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!