Шотландияда қазақстандыққа "Қайратқа" қолдау көрсеткені үшін айыппұл салынды

Фотография - Шотландияда қазақстандыққа "Қайратқа" қолдау көрсеткені үшін айыппұл салынды

Шотландық "Абердин" клубы Еуропа Лигасындағы жеңілісінен кейін аудармашылыққа алынған қазақстан азаматына айыппұл салды

586 0

Шотландық "Абердин" клубы Еуропа Лигасындағы жеңілісінен кейін аудармашылыққа алынған қазақстан азаматына айыппұл салды, деп хабарлайды nur.kz.
Шотландияда ойын басталмас бұрын "Абердин" клубы Тараздан келген информатика пәнінің мұғалімі Ернар Ақшабаевты жұмысқа алған. Ернар бүгінде Ұлыбританияда "Болашақ" стипендиясы бойынша білім алуда.

Ернарды баспасөз-конференциясында аудармашы әрі "Абердиннің" Қазақстандағы жанкүйерлермен байланысын қамтамасыз ететін ресми өкілі ретінде жұмысқа қабылдаған. Бұл жұмысы үшін қазақстандыққа ақша төленуі тиіс болатын. Алайда "Абердин" клубы Ақшабаевқа "Қайратқа" қолдау көрсетті деген айып тағып, айыппұл салған.

Ал Ақшабаевтың өзі болса, клуб өкілдерінің бұл әрекетіне көңілі түсе қоймағанын айтуда. Ол футбол атмосферасы мен жұмысынан ләззат алғанын алға тартты деп жазылған «Қайраттың» ресми сайтында.

Еске салсақ, Еуропа Лигасының 3 раундында екі кездесудің қорытындыларына сәйкес, алматылықтар "Абердиннен" 3:2 есебімен басым түсіп, плей-офф кезеңіне өтті. Аталмыш мачта олар француздық "Бордомен" кездесетін болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!