Селфидің жаңа түрі сәнге айналып барады

Фотография - Селфидің жаңа түрі сәнге айналып барады

Құрама Штаттарда селфидің жаңа түрі пайда болды.

212 0

Құрама Штаттарда селфидің жаңа түрі пайда болды.

 Мұндағы жұрт тікұшақтан аяқтарын сыртқа шығарып, оны суретке түсіруге әуестеніп алыпты. "Аяқ киім селфиі" (shoe selfie) атанған бұл суретті Нью-Йорк немесе Майамидің үстімен ұшып бара жатып, түсірген жөн, деп хабарлайды The Telegraph. Бұл қалаларда осы мақсатта тікұшақпен әуеге көтерілуді ұсынатын ақылы қызмет түрі пайда болыпты.

FlyNYON компаниясы Empire State Building (Қос мұнара), Нью-Йорктің орталық жағажайы, Майами жағажайы үстінен ұшқан сәтте клиенттің тікұшақтан аяғын сыртқа шығарып, оны көрнекті жердің үстінде селфиге түсіруіне мүмкіндік береді екен, деп жазады gazeta.ru.

Ұшу уақыты - жарты сағат. Қызмет құны - $299.

 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!