Иракта лаңкестік салдарынан 60 адам қаза тауып, 200 адам жарақаттанды

Фотография - Иракта лаңкестік салдарынан 60 адам қаза тауып, 200 адам жарақаттанды

Бағдад қаласының маңында миналанған жүк көлігінің жарылуы салдарынан кем дегенде 60 адам құрбан болып, тағы 200-і жарақат алды.

144 0

Бағдад қаласының маңында миналанған жүк көлігінің жарылуы салдарынан кем дегенде 60 адам құрбан болып, тағы 200-і жарақат алды.

Жарылыс бейсенбі күні таңертең Ирак астанасының солтүстік-шығысының Мадинат-эс-Садр қаласының маңындағы базарлардың бірінде болды.

Әзірге аймақтағы бірде-бір топ жарылыс үшін жауапкершілікті мойынына алмады.

Иракта "Әл-Каидамен" байланысы бар "Ислам мемлекеті" (ИМ) радикалдық тобы содырларының ірі көлемдегі шабуылынан тұрақсыз жағдай сақталып отыр.

ИМ Сирия аумағында үкіметтік күштерге қарсы соғыс жүргізгенде көп күш жинап алды. Содырлардың іс-әрекеттерінен бірнеше мыңдаған тұрғын қаза тауып, жүздеген мың адам босқынға айналды, тағы бірнеше мыңдаған адам тұтқындалды, - деп жазады РИА Нововсти. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!