Парагвайда 11 жасар қыз ана атанды

Фотография - Парагвайда 11 жасар қыз ана атанды

Парагвайда өгей әкесі зорлады деп шамаланып отырған 11 жасар қыз бала ел билігі оған жасанды түсік жасатуды рұқсат етпеген соң, босануына тура келді

217 0

Парагвайда өгей әкесі зорлады деп шамаланып отырған 11 жасар қыз бала ел билігі оған жасанды түсік жасатуды рұқсат етпеген соң, босануына тура келді.

Дәрігерлер қыз бала мен кесар тілігінің көмегімен өмірге келген нәрестенің денсаулығы жақсы екенін хабарлап отыр.

Бұл оқиға Парагвай жұртшылығының жағасын ұстатты. Әйелдер құқықтары үшін күресушілер қыз баланың ана атануы үшін тым жас екенін айтқан.

Алайда билік көздері оның жүктілігінің тым үлкен мерзімде анықталып, жасанды түсік жасату өте кеш болғанын мәлімдеген.

Парагвай заңы бойынша, жасанды түсік - қылмыс, оны ананың өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда ғана жасатуға болады.

Қыз бала 10 жасында жүкті болды. Оның 42 жастағы өгей әкесі түрмеге қамалып, сот шешімін күтіп отыр. Ол өз кінәсін мойындамауда. 

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!