Қытай: Тяньцзинь қаласында болған жарылыс орнынан тірі қалған адам табылды

Фотография - Қытай: Тяньцзинь қаласында болған жарылыс орнынан тірі қалған адам табылды

Жұма күні құтқарушылар Қытай шығысының Тяньцзинь қаласындағы қоймада болған жарылыстан кейін тірі қалған бір адамды үйіндінің астынан алып шықты.

199 0

Жұма күні құтқарушылар Қытай шығысының Тяньцзинь қаласындағы қоймада болған жарылыстан кейін тірі қалған бір адамды үйіндінің астынан алып шықты.
Сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 23:30-да қаланың өнеркәсіп аймағында толқыны бірнеше шақырым жерде сезілген күшті жарылыс болды. Шамамен жарты минуттан соң екіншісі орын алған.

Жарылыс салдарынан кем дегенде 50 адам қаза тауып, түрлі жарақаттар алған тағы 700-і ауруханаға жеткізілді. 

Жұма күні қалалық билік өкілдері болған оқиғаны тергеп жатқанын мәлімдеген, деп хабарлайды Би-би-си. 

 


Тегтер:

жарылыс Қытай

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!