Қырғызстан ІІМ басшысы Ыстық-көлде болған ТЖ туралы мәлімдеме жасады

Фотография - Қырғызстан ІІМ басшысы Ыстық-көлде болған ТЖ туралы мәлімдеме жасады

Ішкі істер министірі Мелис Турганбаев Ыстық-көлде "Керемет-Суу" демалыс орнында болған адам өлімімен қырғынға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Today.kz Akipress.org сілтеме жасай отырып.

146 0

Ішкі істер министірі Мелис Турганбаев Ыстық-көлде "Керемет-Суу" демалыс орнында болған адам өлімімен қырғынға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Today.kz  Akipress.org сілтеме жасай отырып.
Үкіме отырысында Мелис Турганбаев жанжалдың неден шыққаны жайлы айтты. Жергілікті тұрғындар минералды қайнар бұлақта тегін шомылғысы келген. 
"И. Ашыровтың бір баласы басқа бір жігітті таспен басынан ұрған, соққы алған жігіт Ананьево ауылының ауруханасына бара жатқанда қайтыс болды", - дейді Турганбаев.
Полицияның мәліметіне қарағанда, жаппай төбелес туралы ақпарат түскен кезде, Ананьево ауылының АМБ қызметкерлері дереу жеткен. Алайда олар жеткенше, қайтыс болған жігіттің туыстары мен ауылдастары барлығы 400 ге жуық адам Ашыровтың үйін, жапсыра салынған үйлерін және де аулада тұрған "Мерседес", "Фольксваген" және "Мазда" автокөлікт ерін өртеп жіберген.
Қырғызстан премьер-министрі Темир Сариев Ішкі істер министірлігіне оқиғаны жете  тексеруін бұйырды. 
"Адам өліміне кінәлілерде, біреудің мүлкін бүлдіргендер де жазалануы тиіс. Жүгенсіздікті тоқтату қажет", - деді Сариев.
Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жаппай төбелес фактісі бойынша Қырғызстан ІІМ сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Естеріңізге сала кетейік, 13 тамызда Ыстық-көлдің Орукту ауылында жаппай төбелес орын алып, артынша өртеу, қырғын, және де адам өлімімен аяқталған.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!