Бурятияда шамамен 80 мың гектар орман өртеніп жатыр

Фотография - Бурятияда шамамен 80 мың гектар орман өртеніп жатыр

Өрт қаупі өршіп тұрған Бурятияда бір тәулікте 2 мың га астам аумақтағы 10 орман өрті жойылды

167 0

Өрт қаупі өршіп тұрған Бурятияда бір тәулікте  2 мың га астам аумақтағы 10 орман өрті жойылды. Бұл туралы ТАСС Республикалық орман шаруашылығы агенттігіне (РОША) сілтеме жасап хабарлады.

"78 мың гектардан астам аумақтағы 41 жалынның тууы жедел штабтың бақылауында. Тағы 9 ошақ ауыздықталды", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Александра Егорова. ТЖМ аймақтық ММ елді мекендер мен әлеуметтік сала нысандарына қауіп төніп тұрған жоқ екенін айтты.  

РОША өкілінің сөзіне қарағанда, отты ауыздықтауға тартылған құтқарушылар саны артып жатыр. "Бүгін таңертең Красноярск, Томск және Забайкальский өлкесінен федералдық күш келіп жетті. Республикадағы орман өртін жоюға 1608 адам, 185 техника жұмылдырылды", - деп түсіндірді РОША.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!