690

Калифорнияда екі ұшақ соқтығысып, төрт адам қаза тапты

Калифорнияның оңтүстігіндегі Сан-Диего округінде қонуға бет алған екі ұшақ соқтығысып, төрт адам қаза тапты. Қайғылы жағдай жексенбі, 16 тамызда орны алды.
Фотография - Калифорнияда екі ұшақ соқтығысып, төрт адам қаза тапты

Калифорнияның оңтүстігіндегі Сан-Диего округінде қонуға бет алған екі ұшақ соқтығысып, төрт адам қаза тапты. Қайғылы жағдай жексенбі, 16 тамызда орны алды.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 11-лерде Brown Field Municipal Airport әуе айлағынан бірнеше шақырым жерде Sabreliner және Cessna 172 ұшақтары соқтығысты, салдарынан екі ұшақ та жерге құлап, жанып кетті.

Апат салдарынан төрт адам қаза тапты. Жерде зардап шеккендер жоқ. Әзірге ұшақта қанша адам болғаны белгісіз. Егжей-тегжейі  анықталуда.

 

Загрузка...