Toyota Ресейде Land Cruiser маркалы көлігін құрастырудан бас тартты

Фотография - Toyota Ресейде Land Cruiser маркалы көлігін құрастырудан бас тартты

РФ-ның Sollers көлік жасаушы компаниясы мен Toyota автоконцерні Ресейдің қиыр шығыс өндіріс аймағында Land Cruiser Prado көлігін құрастыру туралы келісімін тоқтатты.

458 0

РФ-ның Sollers көлік жасаушы компаниясы мен Toyota автоконцерні Ресейдің қиыр шығыс өндіріс аймағында Land Cruiser Prado көлігін құрастыру туралы келісімін тоқтатты. Бұл туралы ТАСС Sollers-тің ресми өкіліне сілтемемен хабарлады.

"Бұл көлікті құрастыру маусым айында тоқтатылды. Қазіргі таңда келісімшарт күшін жойған", - деді компанияның ресми өкілі. Ол Sollers көлік жасаушы компаниясы зауытында жұмысты жаңғырту үшін Toyota автоконцернімен жаңадан келісімшарт жасасу керек екенін айтты.  

Бұған дейін Toyota Ресей нарығына Land Cruiser Prado-ның жаңа нұсқасы шығатынын хабарлаған. Компания жаңа модель Тахара зауытында (Жапония) жасалатынын және Ресейге импортталатынын атап өткен.  

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!