"Чеченфильм" киностудиясы алғашқы туындысын көрерменіне ұсынды

Фотография - "Чеченфильм" киностудиясы алғашқы туындысын көрерменіне ұсынды

Шешенстанның "Чеченфильм" киностудиясы алғашқы өнімін өз көрерменіне ұсынды. Киностудияның алғашқы туындысы 12 сериядан тұратын "Деган аз" (Жүрек қалауы) деп аталатын көркем фильм.

377 0

Шешенстанның "Чеченфильм" киностудиясы алғашқы өнімін өз көрерменіне ұсынды. Киностудияның алғашқы туындысы 12 сериядан тұратын "Деган аз" (Жүрек қалауы) деп аталатын көркем фильм, деп жазады "ТАСС" агенттігі. 

"Фильм досқа адалдық, дін тазалағы туралы. Фильмнің басты кейіпкері өз өмірін қауіпке тіге отырып, досы мен сүйген жарын қорғайды. Кинодан өмірдің қилы соқпағына түскен кейіпкердің барлық қиындықты өзіне адал жандармен бірігіп жеңіп шыққанын көреміз", - дейді фильм режиссері Беслан Терекбаев.

Режиссердің айтуынша, қазіргі уақытта "Чеченфильм" киностудиясы барлық техникалық базамен жабдықталған. Бұл жағынан алғанда киностудия Солтүстік Каваказдағы сапалы туындылар шығара алатын бірден бір компанияға айналып отыр. Сондай-ақ, "Чеченфильм" балама киностудиялардан анағұрлым арзан кино түсіреді. Қазіргі уақытта инвесторлар тарту жұмыстары қолға алынған. Сол үшін шешен кинематографтарының қоры да құрылыпты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!