Бангкокта жарылыстан ажал құшқандар саны 20 адамға жетті

Фотография - Бангкокта жарылыстан ажал құшқандар саны 20 адамға жетті

Бангкокта болған жарылыстан қаза тапқандар саны 20 адамға жетті. Оқиға орнын тергеу жүргізіп жатқан күш құрылымдарының қызметкерлері қоршауға алған

316 0

Бангкокта болған жарылыстан қаза тапқандар саны 20 адамға жетті. Оқиға орнын тергеу жүргізіп жатқан күш құрылымдарының қызметкерлері қоршауға алған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Таиланд астанасында лаңкестік әрекеттен кейін көлік пен әуежайларда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ұшатын жолаушыларға рейс аттанғанға дейін 5-6 сағат бұрын шығуға кеңес берілді.

Биліктің шешімімен барлық мектеп жабылған, алайда банктер мен мемлекеттік мекемелер жұмысын тоқтатқан жоқ. "Төтенше жағдай енгізудің еш қажеті жоқ. Жағдай толығымен бақылауға алынды", - деп мәлім етті Бейбітшілік пен тәртіпті қолдау жөніндегі ұлттық кеңестің ресми өкілі Винтхай Сувари.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жарылыс кезінде 120-дан астам адам жараланған.

Мерт болған 20 адамның арасында Қытай мен Филиппиннен келген туристер бар.

bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!