Британияда балаларға Мұхаммед және Амелия есімі көп қойылады

Фотография - Британияда балаларға Мұхаммед және Амелия есімі көп қойылады

Англия мен Уэльсте Оливер мен Амелия екінші жыл қатарынан кең тараған есімдер тізімін бастап тұр. Жазылуында бірізділік болмағандықтан Мұхаммед есімі көп қойылған есімдердің алдына шықпады.

234 0

Англия мен Уэльсте Оливер мен Амелия екінші жыл қатарынан кең тараған есімдер тізімін бастап тұр. Жазылуында бірізділік болмағандықтан Мұхаммед есімі көп қойылған есімдердің алдына шықпады. Әйтпесе, Британияда Мұхаммед атты сәбилер ең көп болып шыққан. 

"Би-Би-Си" агенттігінің хабарлауынша, Англия ұлттық статистика қызметінің ақпаратында, 2014 жылы туған 6 649 ұл бала Оливер, ал 5 327 қыз Амелия есемін алғаны көрсетілген. Тізімді құрастырғанда жазылуы бойынша әріптерде сәл ерекшелігі бар есімдер әр түрлі болып саналған. Егер олай есепке алынбағанда, Англия мен Уэльсте ұлдар арасында ең көп тараған есім Оливер емес, Мухаммад немесе Мохаммед болар еді. 2014 жылы туған 7 240 сәби осылай аталған. Бұл есім Лондонда туған нәрестелер арасында да көп кездеседі. 

Ұлдар арасында кең тараған есімдер тізімін Джек, Гарри мен Джейкоб жалғастырады. Қыздар арасында Оливия, Изла мен Эмили есімі көш бастап тұр.

Англияда балаларға ат қоярда сүйікті телехикаялар да әсер етеді.

Харпер есімі қыздар қазір көбейіп келеді. Атақты футболшы Дэвид Бэкхем мен оның жары Виктория қызын осылай атаған.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!