642

Алматы әлемдегі өмір сүруге қолайлы қалалардың үздік жүздігіне кірді

Әлемдік рейтингте тұрмыс сапасы ең жоғары қалалар арасында Алматы 100-ші орынға тұрақтады. Қалалар бірнеше белгілер бойынша бағаланған.
Фотография - Алматы әлемдегі өмір сүруге қолайлы қалалардың үздік жүздігіне кірді

Әлемдік рейтингте тұрмыс сапасы ең жоғары қалалар арасында Алматы 100-ші орынға тұрақтады. Қалалар бірнеше белгілер бойынша бағаланған.
Рейтинг зерттеумен айналысатын Economist Intelligence Unit (EIU) компаниясының қызметкерлерімен бірнеше белгілерді негізге ала отырып жасалды.

Атап айтсақ, тұрақтылық, денсаулық сақтау жүйесі, мәдениет және қоршаған орта, білім және инфрақұрылым.

Осы критерийлерге жауап беретін қалаларға тізімнен орын тағайындалды. Тізімге әлем бойынша барлығы 140 қала енді деп жазады Herald Sun.

Ең жоғары 100 балдың ішінен Алматы барлық критерийлер бойынша жақсы нәтижелер көрсеткен.

Халықаралық сарапшылар қаламыздың тұрақтылығын 75 балға, денсаулық сақтау саласын 66,7 балға, мәдениет пен қоршаған ортаны 57,6 балға, білімді 66,7 балға және инфрақұрылым дамуының деңгейін 60,7 балға бағалаған. Орта есеппен Алматыда тұрудың оңтайлығы 65,3 балл болып шықты.

Рейтингтің көшін Австралияның астанасы Мельбурн бастаған. Ол рейтингте 97,5 балл жинады. Үздік бестікке Австрия астанасы Вена (97,4), канадалық Ванкувер (97,3) мен Торонто (97,2) және австралиялық Аделаида (96,6) қаласы енген.

29,3 балмен тізімді тұйықтаған Сирияның астанасы Дамаск қаласы. Рейтингте ең артта қалғандар арасында Дакка (Бангладеш) — 38,7, Порт-Морсби (Папуа-Жаңа Гвинея) — 38,9 балл, нигериялық Лагос қаласы (39,7) және ливиялық Триполи қаласы (40).

Рейтингке Ресейдің Мәскеу қаласы да еніпті. Ол 81 орынға 72,8 балл жинап тұрақтаған. Ал Санкт-Петербург қаласы Мәскеуден 4 сатыға жоғары орныққан. Ол 74,1 балмен 77 орынды иеленген.

Әзірбайжан астанасы Баку Алматыдан сәл қалыс қалған. Ол 103 орынға 62,3 балмен тұрақтады. Өзбекстанның Ташкент қаласы 54,6 балмен 116 орынды, украиналық Киев 43,4 балмен 132 орынды иеленген.

Загрузка...