1536

АҚШ-та Бостандық мүсінін жармақшы болған күдікті тұтқындалды

АҚШ полициясы осы жылдың сәуір айында Нью-Йорктегі Бостандық мүсінін жармақшы болған күдіктіні тұтқындады.
Фотография - АҚШ-та Бостандық мүсінін жармақшы болған күдікті тұтқындалды

АҚШ полициясы осы жылдың сәуір айында Нью-Йорктегі Бостандық мүсінін жармақшы болған күдіктіні тұтқындады. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Полицияның мәлімдеуінше, күдікті Джейсон Смитті олар оның планшеттік компьютерінен жасаған қоңырауы арқылы іздеп тапқан.

Ол Техаста тұтқындалып, өзі террорлық топтың мүшесі екенін мойындаған.

Оның Бостандық мүсінін жаратыны туралы хабарлаған қоңырауынан кейін нысаннан мыңдаған келуші тез арада шығарылған.

Егер Смит кінәлі деп танылатын болса, онда ол 5 жылға дейін темір торға тоғытылатын болады. 

Загрузка...