БҰҰ Йеменде аштық жайлайтынын ескертті

Фотография - БҰҰ Йеменде аштық жайлайтынын ескертті

Біріккен Ұлттар ұйымының "Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы" агенттігі Йемендегі қарулы қақтығыстардың кесірінен елдің бірқатар аймақтарында аштық жайлауы мүмкін екенін мәлімдеді.

285 0

Біріккен Ұлттар ұйымының "Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы" агенттігі Йемендегі қарулы қақтығыстардың кесірінен елдің бірқатар аймақтарында аштық жайлауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Би-Би-Си агенттігі. 
БҰҰ дерегі бойынша ол елде 13 млн-нан астам адам көмекке мұқтаж болып отыр. 

Аталған агенттік басшысы Эртарин Кузин Йеменге барып келгеннен кейін, онда қажетті жағдайда азық-түлік жеткіліксіз екенін, гуманитарлық ұйымдар қарулы қақтығыстарға байланысты көмек жібере алмай отырғанын айтты.

Еске сала кетейік, Йемен билігі мен бүлікшіл топ арасындағы бұдан бір жыл бұрын басталған келіспеушілік соңы үлкен қарулы қақтығысқа ұласқан. Елде бірнеше рет бейбіт келісімге келу туралы ұсыныстар жасалғанымен әскери іс қимылдар, атыс-шабысты тоқтату мүмкін болмады.

 


Тегтер:

Йемен БҰҰ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!