Мысыр астанасында жарылыс болды

Фотография - Мысыр астанасында жарылыс болды

Мысырлық БАҚ хабарлағандай, елдің әскери ведомстволарына қарасты бір ғимараттың маңында үш жарылғыш зат жарылды.

313 0

Каирдың солтүстігінде бейсенбіге қараған түні жарылыс болды. Мысырлық БАҚ хабарлағандай, елдің әскери ведомстволарына қарасты бір ғимараттың маңында үш жарылғыш зат жарылды, деп хабарлады ТАСС агенттігі. 
Алдын-ала белгілі болған ақпаратқа қарағанда алты адам жарақаттанған.

Жарылыс Мысыр астанасының көптеген аудандарында естілді.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жедел жәрдем және полиция шықты.
Маусымның соңында және шілденің басында Каирде екі теракт орын алды. Италия консулдығының маңында шілдеде болған жарылысты «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алған.

Маусымның соңында тағы бір жарылыс президенттік сарайы маңында орын алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!