Перу конгресі жекеменшік ұшақтарды атып түсіруге рұқсат берді

Фотография - Перу конгресі жекеменшік ұшақтарды атып түсіруге рұқсат берді

Перу конгресі есірткі тасымалдады деген күдікке ілінген жекеменшік ұшақтарды атып түсіруге мүмкіндік беретін заңды бірауыздан қабылдады

208 0

Перу конгресі есірткі тасымалдады деген күдікке ілінген жекеменшік ұшақтарды атып түсіруге мүмкіндік беретін заңды бірауыздан қабылдады, деп хабарлайды ВВС. 

Перу әлемде кокаиннің негізгі жеткізушілерінің бірі болып табылады.

Перудің есірткімен күрес жөніндегі агенттігі есірткі сатушылар кокаинді өзге елдерге – ең алдымен АҚШ-қа – көбінесе шағын ұшақтармен тасымалдайтынын айтып отыр.

Оңтүстік Америкада есірткімен күрес бағдарламасына демеушілік етіп отырған АҚШ Перудің әскери-әуе күштеріне жекеменшік ұшақтарды атып түсіруге рұқсат беруге үзілді-кесілді қарсы. Себебі 2001 жылы перулік әскерилер кезекті операция кезінде жаңылысып, америкалық миссионерлер отырған ұшақты атып түсірген болатын.

 

bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!