33 жастағы Франция азаматшасы ұшақта қайтыс болды

Фотография - 33 жастағы Франция азаматшасы ұшақта қайтыс болды

Токио қаласынан Парижге ұшып шыққан "Boeing 777" әуе кемесі Мәскеудегі Шереметьево әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды.

247 0

Токио қаласынан Парижге ұшып шыққан "Boeing 777" әуе кемесі Мәскеудегі Шереметьево әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады "Интерфакс". 
Өйткені, ұшақтағы жолаушының бірі, Франция елінің азаматшасы жолда өзін жайсыз сезінгенін хабарлаған. Экипаж шұғыл түрде қонуға шешім қабылдағанымен әйел қайтыс болды.

"Токиодан Парижге ұшу кезінде 33 жастағы Франция азаматшасы өзін нашар сезінді. Экипаждың ұшақты "Шереметьевоға" қондыруына тура келді. Алайда жас әйелдің өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады",-делінген құтқарушылар хабарламасында.

Дәрігерлер ұшақтың бортына көтерілгенде бәрі де кеш болған. Франция азаматшасы ата-анасымен бірге ұшып келе жатқан. Оқиғаға байланысты олар сапарын жалғастырудан бас тартты.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!