Мехико орталығында адамның бас сүйектерінен салынған қабырға табылды

Фотография - Мехико орталығында адамның бас сүйектерінен салынған қабырға табылды

Археологтар Мехико қаласының тарихи орталығынан ацтектер дәуірінде адамдардың бас сүйектерінен салынған қабырғаның үстінен түсті.

177 0

Археологтар Мехико қаласының тарихи орталығынан ацтектер дәуірінде адамдардың бас сүйектерінен салынған қабырғаның үстінен түсті. 

Гватемала көшесінде тереңдігі екі метр жерден ұзындығы шамамен 30 метрдей, орталық бөлігінде шеңбер түрінде қойылған бірнеше ондаған бас сүйектері бар тікбұрышты платформа табылды.

Солтүстіктен оңтүстікке қарай орналастырылған қабырға сылақ және плиткамен жабылып, тастармен қаланған. Ғалымдар 35 бас сүйекті санады, алайда оның саны айтарлықтай көп болуы тиіс делініп отыр. Басым бөлігі - жас ер адамдардың бас сүйектері, деп жазады ТАСС.

Сарапшылар қабырғаның XV-XVI ғасырлар аралығында салынғанын шамалап отыр. Бұлар ацтектер тұтқынға алған жауларының бас сүйектері болуы ықтимал. 

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!