Мессидің Фейсбуктегі парақшасына 80 млн. адам тіркелген

Фотография - Мессидің Фейсбуктегі парақшасына 80 млн. адам тіркелген

Әлемнің төрт мәрте үздік футболшысы, "Барселона" шабуылшысы және Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси тағы бір жетістікке жетті.

291 0

Әлемнің төрт мәрте үздік футболшысы, "Барселона" шабуылшысы және Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси тағы бір жетістікке жетті. Тек бұл жолы әңгіме кезекті гол немесе марапат туралы емес, деп жазады 24.kz.

Facebook желісіндегі Мессидің парақшасына жазылғандар саны анау-мынау емес, 80 миллион адамға жетіпті, деп хабарлайды espanarusa.com.

Мұндай қуанышымен бөлісуді жөн көрген атақты спортшы 80 cанына сүйеніп түскен суретін Фейсбукте жариялаған. Осы ретте ол жұртшылыққа арнап, былай жазыпты:  "Біздің Фейсбуктегі санымыз 80 миллион адамға жетті! Күн сайын көрсетіп отырған қолдауларыңыз үшін барлықтарыңызға рахметімді айтамын. Себебі мұнша халықтың демеуін сезіну бір ғанибет".



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!