АҚШ пен Оңтүстік Корея КХДР-ға қарсы тойтарыс беретінін мәлімдеді

Фотография - АҚШ пен Оңтүстік Корея КХДР-ға қарсы тойтарыс беретінін мәлімдеді

АҚШ пен Оңтүстік Кореяның генералдары Солтүстік Кореяның талабына қарсы бірлесе әскери әрекет етуге келіскенін мәлімдеді, деп хабарлады "РИА Новости" "Рёнхап" агенттігіне сілтеме жасай отырып.

172 0

АҚШ пен Оңтүстік Кореяның генералдары Солтүстік Кореяның талабына қарсы бірлесе әскери әрекет етуге келіскенін мәлімдеді, деп хабарлады "РИА Новости" "Рёнхап" агенттігіне сілтеме жасай отырып. 
Бұған дейін Солтүстік Корея егер Сеул шекара аймағында дауыс күшейткішпен жүргізіп отырған Пхеньянға қарсы үгіт-насихат жұмысын тоқтатпаса, қарулы қарсылық танытанын жеткізген болатын. 

АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен комитеті басшылары, штаб бастығы Мартин Демпси мен оның оңтүстіккорялық әріптесі адмирал Цой Юн Хи телефон арқылы сөйлесіп, КХДР-дың арандатуына қарсы тұруға келісті. 

"Солтүстіктің жаңа арандатуы одақтастардың бірлескен күшінен айтарлықтай қарсылық көретін болады", деп жазылған Рёнхап агенттігінде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!