Оңтүстік Корея мен КХДР шұғыл келіссөздер өткізуге келісті

Фотография - Оңтүстік Корея мен КХДР шұғыл келіссөздер өткізуге келісті

Оңтүстік Корея мен КХДР ахуалды қалыпқа келтіру үшін шұғыл кездесу өткізуге келісті, деп хабарлайды "Ренхап" агенттігінен.

121 0

Оңтүстік Корея мен КХДР ахуалды қалыпқа келтіру үшін шұғыл кездесу өткізуге келісті, деп хабарлайды "Ренхап" агенттігінен. 
Келіссөздер шекара маңындағы Пханмунджом кентінде, Пхеньянның Сеулға шекарадағы дауыс зорайтқыштарды көрсетуді талап еткен ультиматум мерзімінің аяқталуынан бір сағаттан кейін өтуі тиіс. 

Бұған дейін сенбіде Сеул КХДР-ды екі мемлекет арасындағы қарусыздандырылған аймақта қару жарақ орнатты деп айыптап, солтүстіккореялық әскерилердің соққы жасауға дайындалып жатқанын айтқан. Осыдан кейін Корея Республикасы АҚШ-пен бірге Солтүстік Кореяға тойтарыс беруге келісті. 

Шекарадағы жағдай солтүстіккореялық әскерилердің Оңтүстік Кореяның Пхеньян режиміне қатысты сын айтатын дауыс зорайтқыштарды зеңбірекпен жойғысы келген әрекетінен соң күрделене түсті. 

Оңтүстік Кореяның билігі КХДР-ның талаптарын орындаудан бас тартты. 

Солтүстіккореялық көшбасшы Ким Чен Ын ел әскерін толық жауынгерлік әзірлікке келтіруді бұйырды. Жауап ретінде АҚШ пен Оңтүстік Корея екіжақты кеңестерді өткізген соң бірлескен әскери оқу-жаттығуларын бастаған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!