519

Филиппинде "Гони" тайфунынан қаза тапқандар саны 10 адамға жетті

Филиппиннің солтүстігінде болған "Гони" тайфуны он адамның өмірін қиды, тағы үшеуі із-түзсіз жоғалды
Фотография - Филиппинде "Гони"  тайфунынан қаза тапқандар саны 10 адамға жетті

Филиппиннің солтүстігінде болған "Гони" тайфуны он адамның өмірін қиды, тағы үшеуі із-түзсіз жоғалды, деп хабарлады lifenews.ru. 

Бұған дейін 7 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Шамамен 13 мың филиппиндік қауіпсіз аудандарға көшірілді. Тайфун 150-ден астам үйге зақым келтірген. Аймақта энергиямен қамтамасыз ету тоқтап, кей елді-мекендердегі жолдар бұзылды.

 

ҚазАқпарат

Загрузка...