Ф.Олланд: Франция жаңа лаңкестікке әзір болуы тиіс

Фотография - Ф.Олланд: Франция жаңа лаңкестікке әзір болуы тиіс

Франция тероршылардың жаңа шабуылына әзір болуы тиіс. Бұл туралы сейсенбі Елисей сарайында француз елшілерімен кездесу барысында ел президенті Франсуа Олланд мәлімдеді.

255 0

 Франция тероршылардың жаңа шабуылына әзір болуы тиіс. Бұл туралы сейсенбі Елисей сарайында француз елшілерімен кездесу барысында ел президенті Франсуа Олланд мәлімдеді.

"Өткендегі лаңкестік -  шабуылға әзір отыруымызға дәлел болды, сондықтан да біз өзімізді қорғауымыз қажет", - деді Олланд, Амстердам-Париж пойызында орын алған лаңкестікті еске түсіріп.

Дипломатиялық миссия басшыларымен әңгімелескен Франция президенті ел азаматтарын қорғау мақсатында, Ирак пен Сириядан Еуропаға келетін содырлар ағынын тоқтату үшін шекарада пәрменді шаралар қабылдау қажет екенін баса айтты.

"Біз шабуылдардың жиі құрбаны болып жүрміз, жұмадағы оқиға үлкен трагедияға айналуы мүмкін еді", - деп атап өтті француз елінің басшысы.

Еске салсақ, өткен жұмада Калашников автоматымен, тапанша, пышақпен қаруланған 26 жастағы ер адам Аюб аль-Каззан Амстредамнан Парижге бет алған жүрдек пойыз жолаушыларын оқтың астына алды. Қаскүндемді жолаушылар ұстап, полиция қолына тапсырған.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!