741

Францияда сығандар таборында атыс болып, 4 адам қаза тапты

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, атыс Руа коммунасы маңында, сыған таборлары аумағында болған
Фотография - Францияда сығандар таборында атыс болып, 4 адам қаза тапты

Францияның солтүстігінде атыс болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлады «ВВС» агенттігі. 

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, атыс Руа коммунасы маңында, сыған таборлары аумағында болған. 

Қаза тапқандардың ішінде біреуі - 6 айлық сәби. Атыста бір полицей мерт болды. 

Франция Ішкі істер министрі Бернар Казневтің айтуынша сығандар лагері аумағына қаруланып барған ер адам бірінші сәби мен екі адамды атып салған. 3 жасар бүлдіршін мен оншақты адамды жаралаған. 

BFM телеарнасының хабарлауынша, қырғын салған адам мас болған.

 

ҚазАқпарат

Загрузка...