Иран мұнайды кез келген бағамен сатуға дайын

Фотография - Иран мұнайды кез келген бағамен сатуға дайын

Иран қара алтынның құны құлдырауына қарамастан, әлемдік нарыққа шығаруға дайын. Бұл туралы Иранның мұнай министрі Биджан Намдар Зангане мәлімдеді.

262 0

Иран қара алтынның құны құлдырауына қарамастан, әлемдік нарыққа шығаруға дайын. Бұл туралы Иранның мұнай министрі Биджан Намдар Зангане мәлімдеді.

 

Естеріңізге салайық, былтыр Ислам Республикасы мұнайдың бір баррелін 100 доллардан сатқан жөн дегенді алға тартқан болатын. Алайда соңғы кезде шикізаттың бағасы күрт төмендегені мәлім. Оған қара алтын нарығындағы сұраныстан гөрі ұсыныстың көп болуы әсер етуде. Ресми Тегеран соған қарамастан санкциялар түгелдей алынып тасталған соң, мұнай өндірісін тәулігіне 1 миллион баррельге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, шілденің 14-і күні бір баррелі 59 доллардан сатылған Бренттің құны қазір 42 долларға дейін құлдырап кеткен.

 

24.kz


Тегтер:

мұнай иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!