ШЫҰ мемлекеттері бас прокурорларының келесі отырысы Қытайда өтеді

Фотография - ШЫҰ мемлекеттері бас прокурорларының келесі отырысы Қытайда өтеді

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының келесі отырысы 2016 жылы Қытайдың Хайнань провинциясында өтеді

418 0

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының келесі отырысы 2016 жылы Қытайдың Хайнань провинциясында өтеді. Бүгін Астанада өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 13-ші отырысын қорытындылау барысында осындай шешім қабылданды. 

 «Жұмыс істеп келе жатқан 14 жыл ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы беделді халықаралық бірлестік ретінде нығайды, өңірлік және әлемдік саясаттың факторына айналды. Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, терроризм, экстремизм, сепаратизммен, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз айналымымен күресу, заңсыз көші-қонмен күресу ШЫҰ үшін басымды мәселелер болып қала береді», – деді Д.Мезенцев.

Сонымен қатар, отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокуратураларының басшылары өзара құқықтық көмек, прокурорлық қызметтің негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасуды жалғастыру, қауіпсіздікке төнетін түрлі трансұлттық қауіп-қатерге қарсы күрес шараларын қабылдау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық тиімділігін арттыру жөніндегі отырыс хаттамасына қол қойды.

Сондай-ақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының кезекті отырысын 2016 жылы Қытай Халық Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 13-ші отырысы өз жұмысын бастаған болатын.

 

BNews.kz

 


Тегтер:

ШЫҰ Қытайда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!