"Ислам мемлекетінің" жанкешті содыры ирак әскерінің екі генералын өлтірді

Фотография - "Ислам мемлекетінің" жанкешті содыры ирак әскерінің екі генералын өлтірді

Ирак әскерінің өкілдері "Ислам мемлекетінің" содырлары Анбар провинциясындағы Ирак қарулы күшінің екі генералын өлтіргенін хабарлады.

265 0

 Ирак әскерінің өкілдері "Ислам мемлекетінің" содырлары Анбар провинциясындағы Ирак қарулы күшінің екі генералын өлтіргенін хабарлады.
Жанкешті лаңкес жарылғышы бар жүк көлігін басқарып, оны әскердің "Ислам мемлекеті" содырларымен қақтығысы орын алған Рамади қаласының ирак әскері жағына бағыттаған.

Лаңкестік салдарынан қайтыс болғандардың ішінде Анбар провинциясындағы бөлімше бастығының орынбасары генерал-майор Абдул-Рахман Абу-Регеф және әскердің 10-шы дивизиясының командирі генерал Сефин Абдул-Макуид бар.

Ирак Үкіметтік әскері мен "Ислам мемлекеті" бірнеше айдан бері провинцияның әкімшілік орталығы - Рамади қаласын бақылау үшін соғысып жатыр. Әрі, ИМ экстремистері әзірге провинцияның басым бөлігін бақылауында ұстап отыр.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!