Миландағы EXPO 2015-те Қазақстанның Конституция күні тойланды (ФОТО)

Фотография - Миландағы EXPO 2015-те Қазақстанның Конституция күні тойланды (ФОТО)

Миландағы EXPO 2015-те, қазақстандық павильон алдындағы алаңда Қазақстан Республикасының Конституция күні тойланды.

634 0

Миландағы EXPO 2015-те, қазақстандық павильон алдындағы алаңда Қазақстан Республикасының Конституция күні тойланды.

 Экспозиция қонақтары үшін Қазақстан жұлдыздарының концерті өтті. Онда республиканың заманауи және дәстүрлі өнері көрсетілді.  Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК баспасөз қызметінен хабарланды.  

"120 жылдан астам уақыттан бері EXPO көрмесі экономикасы едәуір дамыған елдерде өтеді. Қазақстан - түрлі діндегі 140-қа жуық ұлт өкілі тұратын, аумағы бойынша 9-шы ел. Бұл Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі көш басында тұрған мемлекет.  

 Конституция - бұл барлық жетістіктеріміздің негізі, тең құқық пен мүмкіндіктердің кепілі. Сонымен қатар ол келесі  EXPO-ны өткізу құқығына лайық екендігінің дәлелі", - деп атап өтті "Астана EXPO 2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Миландағы EXPO 2015 қазақстандық павильон ең танымал павильондардың бірі және үздігін  таңдаудағы дауыс жинауда көш бастап келеді.  Келушілердің саны 600 мыңға жуықтап қалды. Көрме аяқталғанға дейін бұл санды 1 миллионға жеткізу көзделген. Миландық EXPO 2015 көрмесін қазірдің өзінде мамандар соңғы он жылдағы ең сәттісі деп отыр.

Итальяндық журналистердің Қазақстан 2017 жылы Астанада да Миландағы павильонымен сияқты таң қалдыра ала ма деген сұрағына Ахметжан Есімов астаналық көрменің тақырыбының өзі бүкіл әлемде өзекті екенін айтты. 
 

 

 

 

 


Тегтер:

Милан EXPO 2015

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!