1051

АҚШ Солтүстік Американың ең үлкен тауының атын өзгертеді

Таудың атын өзгерту жақын арада АҚШ президенті Барак Обаманың Аляскаға ресми сапары барысында жүзеге асады.
Фотография - АҚШ Солтүстік Американың ең үлкен тауының атын өзгертеді

Ақ үй Солтүстік Американың ең үлкен Мак-Кинли тауының атауын Денали қылып өзгертетінін мәлімдеді, деп хабарлады Associated Press.

Таудың атын өзгерту жақын арада АҚШ президенті Барак Обаманың Аляскаға ресми сапары барысында жүзеге асады.

Мак-Кинли тауы Аляскада Денали ұлттық саябағының орталығында орналасқан. Оның биіктігі 6168 метрді құрайды.

Бұл жерде мекендеген атабаск индістері бұл шыңды Денали деп атаған. Ол "ұлы" деген ұғымды білдіреді.

XIX ғасырдың соңында тауды АҚШ-тың 25-ші президенті Уильям Мак-Кинлидің құрметіне  оның есімімен атаған. Огайо штатының, Мак-Кинлидің туған жерінің саясаткерлері таудың атын өзгертуге қарсы шықты.

 

Загрузка...