Давид Лемье Борат пен Головкиннің танымалдығын салыстырды

Фотография - Давид Лемье Борат пен Головкиннің танымалдығын салыстырды

Головкиннің кезекті қарсыласы, орта салмақтағы IBF чемпионы Давид Лемье өз Твиттер аккаунтына Бораттың фотосын жүктеді.

357 0

Головкиннің кезекті қарсыласы, орта салмақтағы IBF чемпионы Давид Лемье өз Твиттер аккаунтына Бораттың фотосын жүктеді, деп хабарлайды Nur.kz.
Осылайша, канадалық спортшы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек алдында әзілдеспек болған.

"Халайық, осы уақытқа дейін мына жігіт (Борат – ред. ескертпесі) келмей тұрып, Қазақстанды білдік деп өзгелерді алдамай-ақ қойыңдар.  GGG одан кейін келді (жай қалжың, ренжіп жүрмеңдер)", – деп жазған боксшы.

Еске салсақ, Лемье мен Головкин арасындағы жекпе-жек 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Ол HBO телеарнасында ақылы трансляция жүйесі арқылы (PPV) көрсетілетін болады. Қазақстанда бұл жекпе-жекті "Қазақстан" арнасы көрсетеді.

Айта кетерлігі, осыдан бірнеше күн бұрын стамбулдық "Галатасарайдың" футболшысы Лукаш Подольски де Бораттың фотосын Твиттерге жүктеп, әзілдеген болатын. Түркиялық футболшы бастаған команда Чемпиондар лигасында "Астана" командасымен кездесетін болады.

Сонымен қатар финляндиялық "ХИК" командасы да "Астана" жанкүйерлерін мазақ ететін Бораттың фотосы қойылған суреттерді жариялаған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!